Алматыда 15 қарашада өтетін жүгіру жарысына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, 15 қарашада сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жарыс трассалары өтетін жерлерде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылар қашықтықты өткен сайын трассалар ашылатын болады.
Жарыстың старты мен мәресі «Астана» алаңында орналасқандықтан, Төле би көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта екі бағытта да қозғалыс 15 қарашада сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.
Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толығымен тоқтатылады.
Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін толығымен жабылады.
Бөгенбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін толығымен тоқтатылады.
Қабанбай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін толығымен жабылады.
Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін толығымен тоқтатылады.
Құрманғазы көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін толығымен жабылады.
Жарысқа 20-дан астам елден 2 500 адам қатысады деп хабарланады.
Бұған дейін Алматы тұрғыны метромен жарысып, жеңіске жеткен болатын.
