...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 14-15 шілдеде жылу желілерінің гидравликалық сынағы өтеді

14 және 15 шілдеде Алматының бірнеше ауданында жылу желілерінің гидравликалық сынағы жүргізіледі. Құбырларды тексеру кезінде судың жер бетіне шығуы және жол жабынының жергілікті зақымдануы мүмкін, деп ескертті «Алматы жылу желілері» ЖШС, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

14 шілдеде сынақ Алмалы және Жетісу аудандарында Райымбек даңғылы, Бродский көшесі, Рысқұлов даңғылы және Сейфуллин даңғылы контурында өтеді. 15 шілдеде жұмыс Алатау және Жетісу аудандарында Яблочков, Азовская, Рысқұлов, Серіков, Ратушный, Ангарская көшелері, Үлкен Алматы каналы бойы, Момышұлы көшесі, Ақ-Қайнар кенті және Мөңке би көшесінің Боралдай бағытындағы контурында жоспарланған.

Магистральдық және тарату құбырларының сынағы сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін жүргізіледі. Осы кезеңде қала тұрғындары мен қонақтары сақтық шараларын сақтауға шақырылады.

Компанияда қауіпсіздік шаралары қабылданғанына қарамастан, сынақ кезінде судың жер бетіне шығуы және жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты күтпеген жағдайлар болуы мүмкін екендігі атап өтілді. Мұндай оқиғалар анықталған жағдайда, қала тұрғындары қауіпті учаскеге жақындамауға, орынды тастап кетуге және болған жағдай туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС-не немесе 109 телефонына хабарлауға шақырылады.

Сонымен қатар, жұмыс жүргізілетін аймақта орналасқан үйлердің тұрғындарына ыстық су беруді өшіру жоспарланбаған.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізіледі. Олар құбырлардың жай-күйін тексеруге және жөндеуді қажет ететін учаскелерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Inalmaty.kz