...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 12 жастағы оқушыны құрдасы пышақтап өлтірді: жаңа мәліметтер

12 жастағы Аблайхан Бадаловтың өліміне 13 жастағы құрдасы күдікті болып отыр. Қайғылы оқиға Алматыдағы жатақханада болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, таңертеңнен бастап Бадаловтардың үйіне туыстар, көршілер, достар және таныстар келіп жатыр. Барлығы 12 жастағы Аблайханмен қоштасқысы келеді. Таныстар мен туыстар баланың қатыгездікпен өлтірілуіне таңғалып отыр. Жалғыз күдікті – 13 жастағы бала.

Болжам бойынша, екі оқушы Аблайханды жатақханаға шақырған. Сол жерде қайғылы оқиға болған. Туыстардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал екінші қабаттағы дәлізде басталған. Оқушылар дауласып, бірін-бірі итеріскен. Кенеттен бір бала ас үй пышағын алып, Аблайханды ішінен бірнеше рет ұрған.

Туыстардың сөзінше, күдікті де осы жатақханада тұрады. Оның ата-анасы әскери қызметкерлер. Жанжал кешке болғанына қарамастан, көршілердің ешқайсысы балалардың ұрысқанын естімеген. Тұрғындар дәлізге шыға бастағанда, кеш болып қалған.

Туыстар балалардың бұрын да тіл табыса алмағанын еске алады. Бірақ балалардың ұрысы қастандықпен аяқталады деп ешкім ойламаған. Олардың айтуынша, оқушы Аблайханды тоғыз рет пышақтаған – кеудесі мен ішінен. Мұның бәрін тағы бір бала көрген, бірақ ол қорқып қашып кеткен. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатыр.

Аблайхан Ержанұлы отбасындағы үлкен бала болған. Ол аралас жекпе-жекпен айналысқан. Бүгін баланы жерледі. Ал оны өлтіруге күдікті ұсталды. Жанжалдың себебі әзірге белгісіз. Сондай-ақ күдіктінің қалай жазаланатыны белгісіз. Жасөспірімнің жазасын сот шешеді. Бұл арада өлтірілген баланың туыстары кәмелетке толмаған куәгерді де жауапқа тартуды қалайды. Олардың сенімінше, егер оқушы көргенін хабарлағанда, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді.

Дереккөз: Zakon.kz