...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 10 автобус бағыты уақытша өзгереді

Алматыда Қала күніне орай өтетін іс-шараларға байланысты 10 автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық биліктің мәліметінше, шектеулер №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттағы автобустарға қатысты болады.

Қозғалыс шектеулері 21 қыркүйек күні сағат 24:00-ге дейін сақталады.