Алматыда аль-Фараби даңғылының астындағы тоннельде жаңа мурал салынды. Бұл тоннель жүгіру, жаттығу және белсенді серуендеу үшін танымал маршруттардың бірі саналады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Композицияның негізіне қозғалыс және бұқаралық спорт тақырыбы алынған.
Келесі жүгіру жарысы 27 қыркүйекте қала әкімдігінің қолдауымен өтеді. Оған 60-тан астам елден 16 мың адам қатысады.
Сонымен қатар алматылықтар Есентай өзенінің жағалауындағы жаңа жарқын безендіруді талқылап жатыр. Пікірлер екіге бөлінді: біреулер кеңістіктің өзгеруін ұнатады, ал біреулер сыни пікір білдірді.
