...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда №145 жаңа автобус бағыты іске қосылды

Алматыда №145 жаңа қалалық автобус бағыты жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бағытты «Алматыэлектротранс» қызмет көрсетеді. Күн сайын 60 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар бес Yutong автобусы шығады. Қозғалыс аралығы орта есеппен 14 минутты құрайды, бұл жолаушыларға ұзақ күтусіз сапарларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

№145 бағыты Алматы-2 вокзалын «Гагарин — Жандосов» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы — 16,9 км, қозғалыс күн сайын сағат 6:00-ден 22:00-ге дейін ұйымдастырылған.

Бағыт бойынша автобустар қаланың негізгі магистральдарымен, оның ішінде Райымбек батыр, Абай, Гагарин даңғылдары мен Әуезов көшесімен жүреді.

Дереккөз: Inalmaty.kz