...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тұрғындарына жағымды жаңалық: субұрқақтар жұмыс кестесі өзгерді

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жағымды жаңалық жариялады. Енді қаладағы субұрқақтар күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сәрсенбі күні таратылған ресми хабарламада айтылғандай, Республика алаңындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы театр маңындағы субұрқақтарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Аталған нысандарды аяқтау және іргелес аумақтарды абаттандыру биылғы үшінші тоқсанға жоспарланған.

Әкімдік субұрқақтарды жаңарту мен күтіп-ұстау Алматының жайлы қалалық ортасы мен қоғамдық кеңістіктерін дамыту бағдарламасы аясында жүргізілетінін атап өтті.

Алматыда барлығы қанша субұрқақ бар және олардың орналасқан жерлері туралы толық ақпаратты сілтеме бойынша біле аласыздар.

Дереккөз: Zakon.kz