29 шілдеде Астана уақытымен 11:09-да ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Дәл осы сәтте Алматы қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Оның координаттары солтүстік ендік 41,357° және шығыс бойлық 78,778° болды.
Сейсмологтардың мәліметінше, Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
