Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде таңертең сезген дүмпулер туралы жазып, ал Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы ТЖМ жанындағы Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының деректері бойынша, бүгін Астана уақытымен 06:32-де ел аумағында сейсмикалық оқиға тіркелген.
Алайда Алматы қаласы бойынша дүмпу сезілмеген. Төтенше жағдайлар департаментіне оқиғаға қатысты ешқандай хабарлама мен өтініш түспеген.
«Алматы қаласында сезілмеді. Жер сілкінісіне байланысты болған оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар Алматы қаласының ТЖД-ға түскен жоқ», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
