...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауында зейнеткер құлап, жарақат алды: құтқарушылар эвакуациялады

Алматы тауларына жасаған серуен егде жастағы әйел үшін жарақатпен аяқталды. Оны 2 мың метрден астам биіктіктен құтқарушылар эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданында 1959 жылы туған әйелмен болған. Таудан түсу кезінде теңіз деңгейінен 2 280 метр биіктікте ол жарақат алған.

«Әйел түсу кезінде беткейден құлап, аяғын тайдырып алып, өздігінен жүре алмай қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккенге дереу алғашқы көмек көрсетіп, оны таулы жерден эвакуациялады», — деп сипаттады жағдайды құтқарушылар.

Түсірілгеннен кейін әйел ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына медициналық мекемеге жеткізу үшін тапсырылған.

Дереккөз: Nur.kz