...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында алғашқы қар жауды: Шымбұлақтағы жағдай

Алматы тауларында алғашқы қар түсті. Әлеуметтік желіде «Шымбұлақтағы алғашқы қар» деген жазумен қар жауған сәттердің бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шымбұлақ курортының онлайн-трансляциясындағы ағымдағы кадрларға қарағанда, қар Талғар асуындағы аспалы жолдың жоғарғы станциясының маңына түскен (теңіз деңгейінен шамамен 3200 м биіктікте).

Ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда жақын демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +23°С болады.