Алматының Медеу ауданында, Скалистый шыңы маңында 3332 метр биіктікте үш турист маршруттан адасып, жолды өз бетінше жалғастыра алмады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары туристерге көмек көрсетті. Олар төмен түсу кезінде маршруттан адасып қалған.
«Құтқарушылар туристерді №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып барды, онда оларды туыстарына тапсырды. Медициналық көмек қажет болмады», — деп хабарлады ведомстводан.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маршрутты алдын ала жоспарлауды, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеруді ұсынды.
«Туристік соқпақтардан шықпаңыздар және өз күштеріңізге артық сенім артпаңыздар», — деп қосты құтқарушылар.
