...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауында жоғалған турист үш күннен кейін табылды

Алматы тауында үш күн бойы хабарсыз кеткен туристі құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Ер адам 20 мамырда Шымбұлақ жағынан тауға аттанып, екі күннен кейін оралуы керек еді. Бірақ белгіленген уақытта жақындарына хабарласпаған, телефоны байланыс аймағынан тыс болған. Осыдан кейін туыстары құтқарушыларға жүгінген.

Туристі іздеуге ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару отряды мен Алматы ТЖД құтқару қызметінің қызметкерлері шықты. Құтқарушылар шамамен 3 200 метр биіктікке көтеріліп, тау беткейлерін жаяу тексерген.

Іздеу операциясының нәтижесінде турист табылды. Оның жағдайы нақтылануда.

Дереккөз: Inalmaty.kz