...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы–Ташкент тас жолында арматура тиелген тіркеме өртенді

Алматы–Ташкент тас жолында арматура тасымалдаған жүк көлігінің жартылай тіркемесі өртенді, өртті сөндірушілер қысқа уақытта ауыздықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне жүк көлігінің арматура тиелген жартылай тіркемесінің тұтануы туралы хабарлама түскен. Оқиға Т. Рысқұлов ауданында, Алматы–Ташкент автожолының 734-шақырымында, жол бойында болған.

Хабарлама келісімен өрт сөндіру бөлімшелері мен күштері дереу оқиға орнына жіберілді. Келген соң құтқарушылар өртті сөндіруге кірісіп, жалынды жедел түрде ауыздықтады.

«Оқиға Т. Рысқұлов ауданында, Алматы–Ташкент автожолының 734-шақырымында, жол бойында болды. Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына дереу күштер мен құралдар жіберілді», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ.