...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Almaty Summer Fest: 250 мыңнан астам көрермен жинаған фестиваль қалай өтті

Биылғы жазда Алматыда өткен Almaty Summer Fest фестивалі 250 мыңнан астам көрерменді жинады. Іс-шара бағдарламасының бір бөлігі мемлекеттік мерекелер мен көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығына арналды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба аясында Ұлттық домбыра күніне, Астана күніне, Абай күніне арналған шаралар, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай музыкалық кеш өтті. Сахнада Дос-Мұқасан, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мадина Садуақасова, Қайрат Нұртас, MuzArt, Жанар Дугалова, Мирас Жүгінісов, Kalifarniya, Turar, Alem, Bayansulu, Садраддин, Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев және басқа да әртістер өнер көрсетті.

Экология тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Концерттер барысында «Таза Қазақстан» акциясының құндылықтары насихатталып, іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер аумақты таза ұстауға шақырылды.

Жаз бойы жобаға 300-ден астам әртіс қатысып, 1 мыңнан астам ән орындалды. Концерттерге 250 мыңнан астам көрермен келді, ал фестиваль туралы жарияланымдардың әлеуметтік желілердегі жалпы қамтылуы 50 млн қаралымнан асты.

Almaty Summer Fest мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін кеңейтуге және қала тұрғындары мен қонақтарының жазғы демалысын ұйымдастыруға бағытталған.