Алматы маңында жүк көлігі бақылау аркасын соғып, оның бір бөлігін зақымдады. Оқиға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ таратқан кадрларда көрініп тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кадрларда жүк көлігінің ашық кузовымен қозғалғаны көрінеді. Арка астынан өткен кезде көлік құрылымына тиіп, қозғалыс бағыттарының біріндегі бақылау аркасының бір бөлігі зақымдалған.
Бақытымызға орай, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын құзыретті органдар анықтап жатыр.
