...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы саябақтарында тегін буккроссинг алаңдары пайда болады

1 маусымнан бастап Алматы тұрғындары мен қонақтары саябақтардағы тегін буккроссинг алаңдарынан кітаптарды алып оқып, алмастыра алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кітап сөрелері Ганди, Қарғалы саябақтарында, М. Мақатаев атындағы скверде және №44 кітапханада (Орталық көшесі, 12Б) орналасады.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, кітап сөрелері дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Кітап қоры үнемі жаңартылып отырады. Сөрелерде көркем, танымдық және мотивациялық әдебиеттер ұсынылады.

2026 жылғы 16 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Дереккөз: Zakon.kz