...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы полицейлері қаланы тазартуға шықты: сенбілікке 26 сәуірде қатысты

Алматыда 26 сәуір күні өткен жалпықалалық сенбілікке қалалық полиция департаментінің қызметкерлері де қатысып, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке құрам бекітілген учаскелерге шығып, аумақтарды тазалап, қоқыс жинап, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Полицейлердің сенбілікке қатысуы — тазалық, тәртіп және жайлы қала ортасын сақтауға қосқан үлесі. Мұндай акциялар жүйелі түрде өткізіліп, полиция қызметкерлерінің қала мен тұрғындарға деген жауапкершілігін көрсетеді.

Дереккөз: Almaty.tv