...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы полициясы екі күнде 500 литр алкогольді анықтады

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі күн ішінде 300-ден астам нысан тексерілді, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында 500 литр алкогольдік өнім анықталды.

Сонымен қатар алкогольді сату талаптарын бұзғаны үшін тағы 12 кәсіпкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай рейдтер жүйелі түрде жүргізілетінін, олар заңсыз алкоголь айналымын тоқтатуға және құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

2 қарашада полиция алматылықтың жеке үйіне жасалған тексеру қорытындысы туралы айтқан болатын: тінту кезінде 13 түп қарасора және кептірілген өсімдік заты салынған қорап, сондай-ақ жүздеген мың теңге табылды.