...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматы почта және курьерлік қызмет көлемі бойынша көш бастап тұр

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында почта және курьерлік қызмет көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жалпы көлемнің 13,4 млрд теңгесі халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.

Почта және курьерлік қызметтердің ең үлкен үлесі Алматыда тіркелді — 58,7%. Астанаға 13,2%, Қарағанды облысына 3,2% тиесілі.

Ақшалай мәнде Алматыдағы қызмет көлемі 33,6 млрд теңгені, Астанада — 7,6 млрд теңгені, Қарағанды облысында — 1,8 млрд теңгені құрады.

Ауылдық жерлерде 2026 жылдың сегіз айында көрсетілген почта және курьерлік қызмет көлемі 2 млрд теңге болды.

Бұл саладағы негізгі қызмет түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді — сондай-ақ сәлемдеме, бандероль және жазбаша хат-хабарды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу жатады.

Қазақстанда байланыс және почта қызметтеріне тарифтердің қалай өзгергені туралы сілтеме арқылы оқуға болады.