Алматы қаласының орталығында Байсеитова көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2026 жылғы 3 қазан сағат 09:00-ден 5 қазан сағат 20:00-ге дейін Байсеитова көшесінде Абай даңғылынан №45 үйге дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бұған дейін Алматы әкімі қаладағы қоғамдық кеңістіктерді қайта жаңғырту жұмыстарының тұрақты шаң, түнгі уақыттағы шу және жұмыс алаңдарында қауіпсіз өткелдердің болмауына байланысты қала тұрғындарының шағымдарына жауап берген болатын.
