...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы — Өскемен трассасында екі қарт адам көлік астында қаза тапты

Алматы — Өскемен трассасында екі қарт адам көлік астында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат пайда болды. Оқиға 6 қыркүйекке қараған түні Алматы — Өскемен трассасының 18-шақырымында болған.

Алматы облысы полиция департаментінде бұл ақпаратты растады.

— Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 қыркүйекте Алматы — Өскемен автожолының 18-шақырымында 37 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтіп бара жатқан екі қарт адамды қағып кетті. Жарақаттар салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды, — деп хабарлады полицияда.

Екі жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешенінің ауласында екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен болатын. Жауапкершілікке 25 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі тартылды.