...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросының 150 қызметкері жұмыстан қысқартылу қаупінде болды

Алматыда метрополитен қызметкерлері штаттың қысқартылатынын мәлімдеді. Жұмысшылардың айтуынша, қысқартуға 150-ге жуық адам, оның ішінде көп жыл бойы кәсіпорында жұмыс істеген оператор-кассирлер де ілігуі мүмкін еді, деп хабарлайды Astanatv. Қызметкерлер қысқартуларды процестердің бір бөлігін автоматтандырумен байланыстырады. Олар сондай-ақ заңда белгіленген мерзімде жұмыстан босату туралы жазбаша хабарлама алмағандарын айтады., деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметінде кәсіпорынның жоспарлы түрде шығынды екенін, өйткені қолданыстағы тариф барлық шығындарды өтемейтінін, ал қызмет ішінара бюджет субсидиялары есебінен қаржыландырылатынын түсіндірді. Осыған байланысты шығындарды оңтайландыру, оның ішінде персоналдың артық санын қысқарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар метрополитенде бұрын қызметкерлерді жаппай қысқарту жүргізілмегенін атап өтті.

Кейін Алматы әкімдігі метрополитен қызметкерлерін қысқарту туралы шешімнің күші жойылғанын хабарлады.

Еске салайық, қалада метроның жаңа станцияларының құрылысы жалғасуда. «Қалқаман» станциясының ашылуы биылғы жылы күтілуде.

Дереккөз: Inalmaty.kz