
Алматыдағы мешіттерде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық мешіттерде санитарлық шаралар күшейтіліп, келушілердің қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін қажетті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мереке күндері аталған орындарда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары кезекшілік етеді. Санитарлық талаптардың сақталуы, аумақтың тазалығы, қалдықтардың уақытылы шығарылуы және тұрғындардың қауіпсіздігі тұрақты бақылауда болады.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің аулаларында, көшелерде және рұқсат етілмеген орындарда құрбандық шалуға тыйым салынғанын ескертеміз, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Алматы әкімдігі барлық тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Дереккөз: Almaty.tv