20 қыркүйекте Павлодар, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанайда ауа райының қолайсыз жағдайлары (АРҚЖ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» релизіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыз жағдайлары (АРҚЖ) – бұл атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
АРҚЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық ауруларымен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі керек.
Сондай-ақ 20 қыркүйекке арналған дауылды ескерту бүкіл Қазақстанды қамтыды.
«Қазгидромет» релизінде аталған қалаларда ауа райының қолайсыз жағдайлары күтілетіні хабарланды.
