Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның үш ірі қаласының екеуінде жауын-шашын күтілмейді. Тек елордада ғана аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
29 шілдеде Астанада ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +29…+31°С болады. Айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.
30 шілдеде елордада жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз қатты ыстық +33…+35°С. Жел секундына 7-12 метр.
31 шілдеде де жауын-шашын күтілмейді, түнде +20…+22°С, күндіз +33…+35°С.
Алматыда 29 шілдеде айнымалы бұлттылық, түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С. 30 шілдеде түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С. 31 шілдеде жауын-шашынсыз, әлсіз жел, түнде +18…+20°С, күндіз қатты ыстық +34…+36°С.
Шымкентте 29 шілдеде айнымалы бұлттылық, желдің екпіні секундына 15-20 метр, түнде +22…+24°С, күндіз қатты ыстық +38…+40°С. 30 шілдеде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, түнде +22…+24°С, күндіз +38…+40°С. 31 шілдеде айнымалы бұлттылық, түнде +22…+24°С, күндіз қатты ыстық +40…+42°С.
Дереккөз: Zakon.kz