Қазақстан астанасында тамыздың алғашқы күндері жаңбырлы болса, елдің тағы екі ірі қаласында жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер 1-3 тамызға арналған толық болжамды жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 1 тамызда ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С болады. Айнымалы бұлттылық, түстен кейін қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.
2 тамызда елордада ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С. Жаңбыр мен найзағай жалғасады, жел секундына 9-14 метр.
3 тамызда Астанада түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С. Айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.
Алматыда 1 тамызда түнде +20+22°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С. Жауын-шашынсыз, жел әлсіз.
2 тамызда оңтүстік астанада түнде +21+23°С, күндіз қатты ыстық +37+39°С. Жауын-шашын күтілмейді.
3 тамызда Алматыда түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Шымкентте 1 тамызда түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +39+41°С. Жауын-шашынсыз, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
2 тамызда Шымкентте түнде +22+24°С, күндіз +37+39°С. Жел секундына 8-13 метр.
3 тамызда Шымкентте түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С. Жауын-шашын күтілмейді.
Дереккөз: Zakon.kz
