...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаяу жүргіншілер қатысқан ЖКО-да 24 адам қаза тапты

Алматы полициясы жаяу жүргіншілерді өткізу ережелерін сақтауды күшейтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілер қатысқан екі мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде «Жаяу жүргінші» профилактикалық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтауды қатаң бақылауға алды. Атап айтқанда, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге өткелдерде басымдық беру талаптарын орындауы тексеріледі.

Сонымен қатар полицейлер мектептерде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Оқушылармен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылып, балаларға жарық қайтаратын элементтер таратылуда.

— Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысы қатысушысына байланысты. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда ерекше мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуі тиіс, — деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев.

Еске салайық, Алматы облысында мас күйінде ЖКО жасаған бұрынғы полицей 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.