2026 жылғы 27 маусымда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Алматы, Қарағанды, Теміртау, Талдықорған, түнде Риддер, Семей және Өскеменде болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда мыналар ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Дереккөз: Inform.kz