...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен Бішкек түнгі аспанында Байқоңырдан ұшырылған «Союз» көрінді

Алматы мен Бішкек тұрғындары әлеуметтік желіде түнгі аспандағы ғажайып көріністің бейнежазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

26 сәуірге қараған түні Алматы тұрғындары аспанда ерекше жарық пен ізді байқады. Ол — Байқоңырдан ұшырылған «Союз» зымыраны болуы мүмкін. «Прогресс МС-34» жүк кемесі орбитаға шығып, Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) бет алды, — деп түсіндірді albina.mamonova атты автордың Instagram-дағы бейнежазбасына берілген түсініктемеде.

Бішкек тұрғындары да осы құбылысты бақылады. Әлеуметтік желі қолданушысы былай деп жазды: «Жарқыраған нүкте алып, жылтыраған шлейфпен қала үстінен баяу жүзіп өтті. Көпшілік оны НЛО, комета немесе құпия сынақ деп ойлады. Директ бейнежазбаларға толы, ал пікірлерде жат планеталықтардың шабуылынан бастап түрлі белгілерге дейін керемет теориялар айтылуда. Шын мәнінде, бәрі қарапайым (әрі керемет!): біз ғарыш жүк көлігінің ұшырылуына куә болдық».

Бүгін, 26 сәуірде Астана уақытымен сағат 03:22-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-34» жүк кемесімен ұшырылды. Ұшыру қалыпты режимде өтті.

Кеме 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді, оның ішінде отын, азық-түлік, су, ғылыми эксперименттерге арналған жабдықтар және №8 «Орлан-МКС» жаңа скафандры бар. Ресейдің «Роскосмос» ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарыш жүк көлігі 2026 жылғы 28 сәуірде ХҒС-тың ресейлік сегментіндегі «Звезда» модуліне түйіседі.

Дереккөз: Inform.kz