...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен Астанада 30 млрд теңгеге активтер қайта сатылады: элитті пәтерлер мен «Байсат»

Алматы мен Астанада тоғыз лот қайта саудаға шығарылды, оның ішінде элитті пәтерлер, үй-жайлар және «Байсат» базары бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, Астанада үш пәтер сатылады. Оның бірі «Green Village» тұрғын үй кешенінде орналасқан, ауданы 231,8 шаршы метр, бағасы 214 016 394 теңге. Тағы екеуі «Парижский квартал» тұрғын үй кешенінде — бағасы 112 926 585 теңге және 363 244 554 теңге. Қымбатырақ пәтер екі қабатты. Барлық пәтерлерде дизайнерлік жөндеу жүргізілген, кейбіреуінде жиһаз бар.

Сонымен қатар Алматыдағы «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы қайта саудаға шығарылды, бастапқы бағасы 28 639 882 000 теңге. Елорданың Есіл ауданындағы тұрғын емес үй-жайлардың бағасы 114 047 700 теңгеден 400 374 000 теңгеге дейін.

Активтердің жалпы құны 30 млрд теңгеден асады. Сауда-саттық 26 және 28 мамырда мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін «Байсат» қайта саудаға желтоқсанда шығарылған еді, сонда бағасы 26 706 317 643 теңге болған. Одан бұрын құны 28 млрд теңгеге тең еді.

Дереккөз: Nur.kz