
8 маусым кешінде Алматыға жақын жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 21:55-те Қазақстан аумағында мегаполистен 111 шақырым қашықтықта болған.
Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 42,920 градусы және шығыс бойлықтың 78,188 градусы. Ошақ бес шақырым тереңдікте жатыр.
Алматы облысының елді мекендеріндегі сілкіністің есептік қарқындылығы жоғары болмаған. Кеген ауданының Саты ауылында 2,5 балл, сол ауданның Жалағаш ауылында 2 балл болды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар үшін жедел желі жұмыс істейтінін хабарлады: 8 (727) 722-60-97.
Дереккөз: Inalmaty.kz