Алматы облысында 56 жастағы ер адам пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Онда зардап шеккен адамға ауыр жарақат салынып, ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғаны айтылған.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қанды оқиға фактісін растады. Ведомство мәліметінше, осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта ол кінәсін мойындап, жауап беруде.
Бұған дейін Түркістан облысының Түлкібас ауданында көпбалалы әке аяусыз өлтірілгені хабарланған болатын.
