31 жастағы алматылық Суйменкүл Кәрімов Sam Manson лақап атымен танымал. Ол 10 жылдан бері ашық аспан астында өнер көрсетіп, өтіп бара жатқан жұртты қуантып жүрген скрипкашы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жас жігіт әңгіме барысында музыка әлеміне оны ерте балалық шағында анасы баулығанын айтты.
Суйменкүл – классикалық скрипкадан өзгеше, мүмкіндігі мол сирек аспапты меңгерген музыканттардың бірі. Әрине, оны осылай шебер ойнау әркімнің қолынан келе бермейді.
Скрипкашы концерт залдарында ойнаудан бас тартпайтынын, бірақ мән-жайы бойынша ол көбіне көше музыканты екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл оған еркіндік береді. Сонымен қатар, жүргіншілердің назарын аулау үшін артист шеберлігін шыңдай түсуде.
Орындаушы хиттер мен саундтректерге басымдық береді, себебі бұл танымал – мұндай музыка тыңдаушылардың назарын аударып қана қоймай, жүрегіне жетеді.
Әңгімелесуші скрипкада ойнауды үйрену қиын емес, бірақ виртуозды ойын үшін көп уақыт қажет екенін түсіндірді. Ол осы музыкалық аспапты меңгергісі келетіндерге маңызды кеңестер берді.
Музыканың ерекше сиқыры бар. Оны есту, тыңдау және ойнау – мүлдем бір нәрсе емес, дейді жігіт.
Суйменкүл Кәрімов музыка жазуға да құмар, сондықтан болашақта композитор ретінде сынап көруді қалайды. Әрине, оның арманы – әлемге танылу, өз махаббатын табу және өзі мен өзгелерді әдемі музыкамен қуанта беру.
