23 маусым 2026 жылы Алматы – Шелек – Хоргос автомобиль жолының 132-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Haval көлігі қарсы бағытта келе жатқан Audi-ді соққан, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, 20 маусымда Алматы облысындағы Карой – Байкент автомобиль жолының 39-шақырымында Toyota жүргізушісі басқаруды жоғалтып, ағашқа соғылған. Салдарынан екі адам қаза тапты.
Дереккөз: Zakon.kz