
Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасы 487.5 теңгеден сатылуда. Кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша 23 маусымда доллардың орташа өлшенген бағамы 486.16 теңгені құрап, 0.83-ке төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми доллар бағамы 487.01 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486.7 теңге, сату бағамы 487.5 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv