...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында шетелдік әйелден 21 келі есірткі тәркіленді

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматшасы Алматы әуежайында багажында 21 келіге жуық марихуананы өткізбек болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК-не сілтеме жасап.

30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері полиция, кеден органдары және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткі тасымалының жолын кесті.

— Багажды тексеру кезінде Оңтүстік-Шығыс Азия елінен келген шетелдік әйелдің сөмкесінен шамамен 21 келі өсімдік тектес «марихуана» заты табылды. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды, — деп хабарлады ҰҚК.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, өзге ақпарат ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Дереккөз: Inform.kz