...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында құбыр құлады: әкімдік тексеру бастады

Алматы әуежайының ұшу аймағында құбыр құлаған оқиғаға байланысты қала әкімдігі әуе гаваніне тексеру жүргізуді бастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, қалалық құрылыс бақылау басқармасы Алматы халықаралық әуежайында құбырдың құлауына байланысты жоспардан тыс тексеру бастаған.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс конструкцияларының (құбырлардың) құлауы орын алды. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында тіркелді. Қазіргі уақытта басқарма материалдар жинап, болған жағдайдың мән-жайын анықтап, кейін прокуратура органдарына тексеру тіркеуге жіберіледі», — делінген әкімдік хабарламасында.

Басқарма жоспардан тыс тексеру аясында құрылыс нормаларының сақталуына және жұмыстарды ұйымдастыруға құқықтық баға береді. Егер бұзушылықтар анықталса, кінәлілер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі инженерлік жүйелерді монтаждау кезінде желдету элементі — икемді желдету гофрасының төбе деңгейінен төмен түсірілгенде ішінара ажырағанын хабарлаған.

Дереккөз: Nur.kz