...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы – Ақтөбе пойызынан үш маскүнем жолаушы түсірілді

23 маусымда Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісі бойынша Сексеуіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері үш жолаушыны рейстен түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Тексеру кезінде Атырау мен Арыс тұрғындары 20, 34 және 38 жастағы ер адамдардың масаң күйде болғаны анықталды. Олар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа жолаушыларға кедергі келтірген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік полициясы жолаушылар пойызы қоғамдық орын болып табылатынын, онда тәртіп ережелерін сақтау, айналадағыларды құрметтеу және қоғамдық тәртіпті бұзбау қажеттігін еске салды.

Дереккөз: Inalmaty.kz