...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайында Оңтүстік перронның бірінші кезеңі аяқталды

Алматы халықаралық әуежайында жаңа Оңтүстік перронды қайта жаңартудың бірінші кезеңі аяқталып, нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңартылған перронда алғашқы әуе кемесі сәтті қызмет көрсетілді.

«Оңтүстік перронды қайта жаңарту – әуежайдың әуеайлақ инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бөлігі», – делінген хабарламада.

Жоба толық аяқталғаннан кейін перрон бір уақытта Code E санатындағы үш әуе кемесін немесе Code B және C санатындағы 12 әуе кемесін қабылдай алады. Бұл әуеайлақ инфрақұрылымының операциялық тиімділігі мен сенімділігін арттырып, әуежайдың одан әрі дамуына қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Дереккөз: Nur.kz