...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайында Оңтүстік перронның бірінші кезеңі аяқталды

Халықаралық Алматы әуежайында жаңа Оңтүстік перронның реконструкциясының бірінші кезеңі аяқталды. Нысан пайдалануға беріліп, жаңартылған алаң бірінші әуе кемесін қабылдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оңтүстік перронның реконструкциясы әуежайдың аэродромдық инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жоба толығымен аяқталғаннан кейін перрон бір уақытта Code E класындағы үш әуе кемесіне немесе Code B және Code C кластарындағы 12 ұшаққа дейін қызмет көрсете алады.

Әуежайда модернизация операциялық тиімділікті арттыруға, аэродром инфрақұрылымының сенімділігін жақсартуға және Алматы әуе гаванін одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz