...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы-1 вокзалында жолаушыларға қызметін таңу: екі ер адам жауапқа тартылды

Алматы-1 вокзалында екі ер адам жолаушыларға камера сақтау қызметін үнемі ұсынып, мазасыздандырған. Олар 48 және 52 жастағы Алматы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің ведомстволық сайтының мәліметінше, көлік полициясы қызметкерлері екі ер адамды анықтаған. Олар күту залында жолаушыларға камера сақтау қызметін пайдалануды өтініп, қызметтерін таңып, азаматтарға қолайсыздық тудырған.

Тексеру барысында ер адамдардың кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны анықталды. Олар екі бап бойынша жауапқа тартылды: қоғамдық орындарда мазалау және заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша материалдар сотқа жіберілді, — делінген полиция хабарламасында.

Биылғы жылдың басынан бері көлік полициясы қызметкерлері 34 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кескен, оның ішінде 2 678 факті қоғамдық орындарда мазалау болып табылады.

Дереккөз: Nur.kz