...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Әуезов ауданында бизнес нысандарының шығарындыларын азайту жұмысы күшейтілді

Әуезов ауданында қала әкімінің атмосфералық ауа сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясында жұмыс жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Экология және қоршаған орта басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша 79 қоғамдық тамақтану нысанының 39-ында гидрофильтрлер орнатылғаны анықталды. 8 моншаның 7-і газ жылытуына ауыстырылды. 22 техникалық қызмет көрсету станциясының тек 17-і газ жылытуын пайдаланады.

Қатты және сұйық отын қолданатын нысандардың басшыларымен газ немесе электр жылытуына көшу, Алматы қаласының Абаттандыру қағидалары мен Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: Almaty.tv