...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Спорт

Михаил Кукушкин Almaty Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлемдік рейтингте 389-орында тұрған спортшыға ұйымдастырушылар арнайы шақырту (wild card) берген. Бірінші кезеңде оның қарсыласы іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі торға енген, әлемнің 133-ракеткасы грек теннисшісі Стефанос Сакелларидис болды.

Кездесу екі сетке ғана созылып, әр сет тай-брейкпен аяқталды. Кукушкин 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Теннисші кортта 2 сағат 13 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық бір эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Екінші айналымда Кукушкин грек теннисшісі Стефанос Циципас (жетінші себеттегі) пен америкалық Александр Ковачевич арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Almaty Open — қазақстандық теннисші үшін қоштасу турнирі. Ол бұған дейін кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын.