...
... Алматы
USD
EUR
RUB

28-30 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Синоптиктер 28, 29 және 30 сәуір 2026 жылы Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын айтты. Астанада түнде аяз күтілсе, Алматыда жаңбыр мен найзағай, ал Шымкентте 31 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана: 28 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, жер бетінде -2°С аяз, күндіз +18+20°С. 29 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С. 30 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +24+26°С.

Алматы: 28 сәуірде айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +20+22°С. 29 сәуірде айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С. 30 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С.

Шымкент: 28 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +26+28°С. 29 сәуірде айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С. 30 сәуірде айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

Дереккөз: Zakon.kz