...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

25 сәуірде Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтеді

25 сәуір 2026 жылы Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді. Шара сағат 09:00-де басталып, қала тұрғындарын тазалық пен көркейтуге үлес қосуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сенбілік «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылып, әр ауданда арнайы орындар белгіленген:

  • Алатау ауданы – Шәріпов көшесі (спорт алаңы)
  • Алмалы ауданы – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі, Бөгенбай батыр көшесі)
  • Әуезов ауданы – Сайран шағынауданы (Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейін)
  • Бостандық ауданы – Көкшоқы шағынауданы, 1а (Аюсай визит-орталығы)
  • Жетісу ауданы – Уссурийская көшесі бойы
  • Медеу ауданы – Мұзтау шағынауданы, Бекенбай көшесі (Бекенбай өзенінің бойы)
  • Наурызбай ауданы – «Ақжар» сквері, Сақ қорғандары
  • Түрксіб ауданы – Баум тоғайы

Ұйымдастырушылар баршаны отбасы, достары және әріптестерімен бірге қатысуға шақырады.

Дереккөз: Almaty.tv