...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды: аяз, жаңбыр және бұршақ күтіледі

«Қазгидромет» синоптиктері Алматы қаласы мен еліміздің 16 облысының тұрғындарын аяз, қатты жаңбыр және бұршақ түріндегі қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласында жаңбыр, найзағай, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Іле Алатауы тауларында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, орталықта тұман болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні батыста, солтүстікте секундына 15-20 метр. Түнде оңтүстікте, шығыста екі градусқа дейін аяз күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15-20 метр.

Ұлытау облысында күндіз оңтүстікте аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, орталықта тұман. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте екпіні секундына 15-20 метр. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман.

Қарағанды облысында түнде шығыста жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстікте жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, шығыста тұман. Қарағандыда түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысында түнде батыста, оңтүстікте тұман. Оңтүстік-батыс желі, солтүстікте, шығыста екпіні секундына 15-20 метр. Түнде солтүстікте екі градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығыста жаңбыр, найзағай. Батыста, орталықта тұман. Оңтүстік-батыс желі. Ақтауда түнде және таңертең тұман.

Алматы облысында түнде оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр, шығыста, таулы аудандарда түнде кей жерлерде 23-28 метр. Қонаевта түнде жаңбыр, найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең батыста тұман. Оңтүстік-батыс желі 15-20, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 25 метр. Петропавлда оңтүстік-батыс желі 15-20, екпіні 25 метр.

Ақтөбе облысында күндіз батыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай, солтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстікте, шығыста, орталықта екпіні 15-20, кей жерлерде 25 метр.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, түнде таулы аудандарда кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Батыс желі. Солтүстікте, шығыста жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жаңбыр, найзағай.

Абай облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстікте жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең орталықта тұман. Оңтүстік-батыс желі түнде шығыста, оңтүстікте 15-20 метр. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр, найзағай.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр, күндіз шығыста, оңтүстікте аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс желі түнде шығыста, оңтүстікте 15-20 метр. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде…

Дереккөз: Inform.kz