...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

2,5 мыңнан астам алматылық қайтарылған активтер есебінен ауыз суға қол жеткізді

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы прокуратурасының хабарлауынша, жоба аясында 21,6 км су құбыры және 24,7 км кәріз желілері тартылып, 15,6 км жол және үш кәріз сорғы станциясы салынған.

Жобаны іске асыру орталықтандырылған инженерлік коммуникациялардың болмауы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Жаңа желілерге 921 абонент қосылып, шағын ауданның 2,5 мыңнан астам тұрғыны орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне тұрақты қол жеткізді.

Қазіргі уақытта нысан «Алматы Су» МКК балансына беру рәсімінен өтуде.

Бұған дейін мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Алматының 7,3 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтамасыз етілетіні хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz