2 тамызда Алматы және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет», деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін «Қазгидромет» 2 тамызға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz
