...
... Алматы
USD
EUR
RUB

126 мың оқырман: Алматыда «Кітап оқып, тұлға боламын» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Алматыда республикалық «Кітап оқып, тұлға боламын» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Жоба 126 мыңнан астам қатысушыны біріктірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кітап оқуды ұнататын кез келген адам қатыса алатын байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушыларға шығармашылық тапсырмалар мен тесттері бар кітаптар тізімі ұсынылды. Жоба мәдени қауымдастықты қалыптастыруға және қатысушылардың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алды.

««Кітап оқып, тұлға боламын» жобасы осындай ауқымды форматта төртінші рет өткізілуде. Бұрын да осындай іс-шаралар ұйымдастырғанбыз, бірақ қазіргі байқау қатысушылар саны бойынша ең ірісі болды. Оған 126 мыңға жуық оқырман қатысты. Жобаға қатысу толығымен тегін. Кітап оқу тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Мұны қатысушылардың нәтижелері де растайды», — деді жобаны ұйымдастырушы Сырымбек Тау.

«Мен конкурсқа екінші рет қатысып отырмын. Бірінші ретте, өкінішке орай, финалға шыға алмадым. Бірақ бүгін мен үздік ондыққа кірдім. Мен өте қуаныштымын. Жоба аясында біз үш шығарманы оқыдық, бірақ маған ең қатты әсер еткені — «Атау-кере» кітабы. Ол күнделікті өмірде біз назар аудармайтын көптеген нәрселер туралы ойландырады», — деді қатысушы Азат Бердешив.

Дереккөз: Almaty.tv